Қазақстанда мемлекеттік органдардағы кадр қызметтерінің әлеуетін күшейту бойынша жұмыс жүргізілуде. Ол үшін Мемлекеттік басқару академиясының базасында HR институтын құру жоспарлануда. Бұл туралы ОКҚ алаңында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары Азамат Жолманов хабарлады.