Үстіміздегі жылдың басынан бері Қазақстан аумағында қызылшамен ауырудың 13 103 жағдайы тіркелді. Оның ішінде 83% – 14 жасқа дейінгі балалар арасында, 2,9%) – жасөспірімдер, 14,1% – ересектер. Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Қазақстандағы қызылша бойынша эпидемиологиялық жағдай және қабылданып жатқан шаралар туралы баяндалған сараптамалық дөңгелек үстел барысында ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының орынбасары Зауре Ахметова осындай дерек келтірді.