Абай облысында орта мектеп орындарының тапшылығын жою бағытында нақты шаралар қабылданып жатыр. Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларын баяндаған өңір басшысы Нұрлан Ұранхаев мәлім еткендей, «Жайлы мектеп» жобасы аясында 2025 жылға дейін 5700 орындық 11 мектеп құрылысы жоспарланған.