Республика бойынша қызылша ауруына қатысты эпидемиологиялық ахуал тұрақсыз. Бүгінде ел бойынша онымен сырқаттанудың 17 мыңнан астам жағдайы тіркелген. Оның 82%-дан астамы балаларға тиесілі, оның ішінде – 83% екпе алмаған балалар. Бұл ретте, балалардың 60% бас тартуға байланысты, қалған балалар егу жасына жетпеуіне байланысты және медициналық көрсетілімдер бойынша вакцинация алмаған. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға арналған баспасөз конференциясында ҚР денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният мәлім етті.