Шығыс Қазақстан облысында 9,4 мың шаруа және фермер қожалықтары тіркелген, онда 18 мыңнан астам адам жұмыс істейді. Оған қоса, 44 мың жеке қосалқы шаруашылық бар. Орталық коммуникациялар қызметінің алаңындағы есептік кездесуде аймақ басшысы Ермек Көшербаев өңірдің ауыл шаруашылығы саласындағы ахуалдан ақпарат берді.