Шығыс Қазақстан облысында 320 медициналық мекеме бар. Оларда 8,3 мың адам, оның ішінде 2,2 мың дәрігер жұмыс істейді. Өңір басшысы Ермек Көшербаев өз баяндамасында медициналық туризм мен денсаулық сақтауды дамыту мәселелері бірінші кезектегі міндет болып табылатынын атап көрсетті.  Алайда орталық мемлекетік органдармен бірлесіп шешетін бірқатар проблемалық мәселелер бар екенін жеткізді.