Солтүстік Қазақстан облысында өңдеу өнеркәсібінің үлесі 80%-дан асты. Қазір өңірде құны 469 млрд теңгеден артық 39 инвестициялық жоба іске асып жатыр. Нәтижесінде 2026 жылға дейін мұнда 6 мың жаңа жұмыс орнын ашу көзделіп отыр. Өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов Орталық коммуникациялар қызметі алаңында осылай деп мәлімдеді. Биылдың өзінде құны 56 млрд теңгеге тең 15 жоба іске қосылады деп жоспарлануда.