Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында түрлі саланы қамтитын сарапшылар бас қосып, еліміздің бірыңғай уақыт белдеуіне көшу мәселесін жан-жақты талқылады. ҚР Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Қуаныш Елікбаевтың айтуынша, табиғи уақытқа жақын тұрақты уақыт белдеулерін пайдалану адамның денсаулығы, экономика және қауіпсіздік үшін маңызды.