Балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау және оны қамтамасыз ету – мемлекет пен қоғам алдында тұрған басым міндеттердің бірі. Осы бағыттағы жұмыс ІІМ басшылығының ерекше бақылауында. Балалардың құқықтарын қорғау мақсатында Ішкі істер министрлігі заңнамалық актілерді тұрақты негізде жетілдіріп отырады.  ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында осы тақырып жайында сөз қозғады.