Биыл Алматы шаһарының 70 көшесінде 25 шақырым жаңа жол салынды. Тағы 200 шақырым жолға орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Келер жылы ұзындығы 70 шақырымға тең жаңа жолдар салынып, орташа жөндеу өткізілетін жолдарды 250 шақырымға дейін жеткізу жоспарда бар. Басымдық жаңа аудандарға беріледі. Шаһар басшысы Ерболат Досаев Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында осы мәселе жайында сөз қозғады.