Ішкі істер органдары алдын алу шаралары кешенін күшейтіп, іске асыруда. Кез келген құқық бұзушылыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын енгізу жөніндегі жұмыс шеңберінде полицияның қоғамдық орындарда барынша қатысуының әсерін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар қабылдануда. Бұл жайлы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев айтты.