Қысқы кезеңнің маңызды мәселелерінің бірі су айдындарында, дәлірек айтқанда, мұзда жүретін азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады. Ол үшін Төтенше жағдайлар министрлігі орталық мемлекеттік органдар және өңірлердегі әкімдіктермен бірлесіп, тұрақты негізде профилактикалық іс-шаралар кешенін ұйымдастырады және іске асырады. Бұл жайында ОКҚ алаңында ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс комитеті төрағасының орынбасары Алексей Советов айтып берді.