Азаматтық қорғау мемлекеттік жүйесін көктемгі кезеңдегі төтенше жағдайларды жоюға дайындау, сондай-ақ халықты және ел аумағын су тасқыны қаупі жағдайында қорғауды ұйымдастыру жөніндегі басқарушылық шешімдерді пысықтау мақсатында биыл 8-9 ақпанда «Көктем-2024» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өткізілді. Бұл жайында ҚР төтенше жағдайлар министрі Чингис Аринов ҚР Орталық коммуникациялар қызметі алаңында айтты.