Әскери білім және ғылым департаментінің бастығы Жұмабек Ахметов ОКҚ алаңында еліміздің әскери жоғары оқу орындарына түсу тәртібін түсіндірді. Оның айтуынша, Қорғаныс министрлігінің әскери білім беру жүйесіне ҚР жалпы білім беру жүйесінің бірыңғай нормативтік-құқықтық және оқу-әдістемелік саласында жұмыс істейтін 9 әскери оқу орны кіреді.