Балаларға қатысты халықаралық шарттарды ратификациялау еліміздің балалар құқығы саласындағы халықаралық стандарттарға сүйеніп отырғанын айқындайды. «Бала құқықтары туралы» және «Білім туралы» заңдарды қоса алғанда, Қазақстанның ұлттық заңнамалық базасы – балалардың өркениетті және қауіпсіз балалық шағына сеп болатын құқық қорғау алаңы. Бұл туралы ОКҚ дөңгелек үстелінде ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова айтты.