«Жабайы жылқылардың оралуы» жаңа халықаралық жобасы аясында биыл Қазақстанға 8 Пржевальский жылқысы әкелінеді. Олар Чехия әуе күштерінің 2 CASA C-295 ұшағымен тасымалданады. Әуе техникалары 2 аялдама жасап, Арқалыққа қонады. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында Прага қаласының зоологиялық бағының директоры Мирослав Бобэк айтты.