Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 1 ақпандағы № 443 Жарлығына сәйкес ағымдағы жылғы 1 наурыздан жергілікті атқарушы органдары әкімдері орынбасарларының төрағалық етуімен қалалық және аудандық әскерге шақыру комиссиялары азаматтарды көктемгі мерзімді әскери қызметке шақыруды бастады. Бұл жайлы ҚР Қарулы Күштері Бас штабы ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаменті бастығының орынбасары, полковник Азамат Досымов ОКҚ алаңында хабарлады.