Соңғы уақытта тасымалдаушылар жиі талқылайтын 3 мәселе бар. Бұл электрондық бланкілерді тарату механизмі. Көптеген тасымалдаушы қолданыстағы бланкілерді тарату механизмдерін қалдыруды ұсынады. Екінші мәселе – ол Қазақстанға жүктерді қайта тиеу жолымен тасымалдауға тыйым салу. Үшінші мәселе – қазақстандық тасымалдаушылардың тасымалдау процесіне қатысуын шектеу. ОКҚ алаңында ҚР Көлік министрлігі Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитетінің төрағасы Алтай Әлі шетелдік рұқсат бланкілерін таратудың жаңа тәртібі туралы баяндады.