Бүгінде республикалық маңызы бар жол инфрақұрылымының ұзындығы 25 мың шақырымды құрайды. Бұл желіге 1290 көпір мен 15499 су өткізу құбыры кіреді. Республикалық жолдар желісінде су тасқыны кезінде қауіптілік деңгейі жоғары 396 учаске, сондай-ақ 68 көпір мен 650 су өткізу құбыры айқындалды. Жол-пайдалану техникасының шамамен 800 бірлігі бекітілді. Бұл жайлы ҚР КМ Автомобиль жолдары комитеті төрағасының орынбасары Ғалымжан Өтенбаев ОКҚ алаңында мәлімдеді.