Цифрландыру Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жұмысының, оның ішінде Мемлекет басшысының, Үкіметтің тапсырмалары шеңберінде жұмыспен қамту мәселелеріндегі басым бағыттардың бірі болып табылады. Мемлекеттік жұмыспен қамтудың барлық қызметі онлайн форматта көрсетіледі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Олжас Ордабаев мәлімдеді.