Қазіргі таңда Парламентте қаралып жатқан Құрылыс кодексінің жобасына кейбір депутаттар тарапынан сын айтылғанымен, жобалаушылар бұл құжатты қолдайды. Олар жауапкершілік пен қоғамдық бақылауды күшейту және техникалық реттеу жүйесін регламенттеу баптары мен Кодекс атауына келісім беріп отыр. Бұл жайлы ҚР өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Тимур Қарағойшин ОКҚ алаңында мәлімдеді.