Қазақстанның минералдық-шикізат базасының қазіргі жай-күйін жеткілікті деп бағалауға болады. Сонымен, пайдалы қазбалардың негізгі түрлері бойынша еліміз әлемдегі жетекші он елдің қатарына кіреді. Ол минералды-шикізат базасы негізінен отын-энергетика кешенінің, қара, түсті, асыл және сирек металдардың кен орындарынан қалыптасқан. Саланың жай-күйі туралы ОКҚ алаңында ҚР ӨҚМ Геология комитетінің төрағасы Ерлан Акбаров айтып берді.