Еліміздің су қоймаларындағы казіргі су ағыны 1980 – жылдан бастап ең ірі болып табылады. Қазір Ақмола облысындағы 2 ірі су қоймасы орта есеппен 99%-ға толды. 2 нысан да транзиттік режимде жұмыс істеп тұр. Ақтөбе облысындағы 2 ірі су қоймасының су жинау көрсеткіші орта есеппен 95%- ды құрайды. Нысандар штаттық режимде жұмыс істеуде, су ағынының азаюы байқалады. Бұл туралы ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің ресми өкілі Мөлдір Әбдуәлиева ОКҚ алаңында мәлімдеді.