Бүгінгі таңда су тасқыны кезеңіне тән жұқпалы аурулар бойынша эпидемиологиялық жағдай, оның ішінде ішек инфекциялары бойынша жағдай тұрақты. ОКҚ брифингінде ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Айжан Есмағамбетова атап өткендей, сырқаттанушылықтың өсуі байқалған жоқ. Бұл ретте ЖІА өршуінің алдын алу және болдырмау үшін бірқатар іс-шара жүргізіледі.