Автомобиль жолдарын су тасқыны кезеңіне дайындау шеңберінде тиісті шаралар қабылдануда. Республикалық автожолдар бойынша 396 су тасқыны қаупі бар учаске, 68 көпір және 650 су өткізу құбыры анықталды. Барлық су тасқыны қаупі бар учаскелер мен жол құрылыстарында тәулік бойы кезекшілік және күнделікті патрульдеу ұйымдастырылды. Бұл туралы ҚР Көлік министрлігі Автомобиль жолдары комитеті төрағасының орынбасары Ғалымжан Өтенбаев ОКҚ алаңында айтты.