Жергілікті елді мекендер мен жолдарды, басқа да нысандарды су басу жағдайы орын алған жоқ. Өзен арналары бойынша су ағыны тұрақты. Ірі су қоймаларын толтыру штаттық режимде жүргізілуде, бүгінгі күні толтырылу көрсеткіштері 44%-дан 99%-ға дейін жетіп отыр. Бұл туралы Алматы облысы әкімінің орынбасары Нұржан Құдайбергенов ОКҚ брифингінде мәлімдеді.