Батыс Қазақстан облысында 1155 тұрғын үй су астында қалды, 732 үйге тұрғындары оралды; 408 үйде адам тұрмайды; 15 үйдің иесі жоқ. Автомобиль жолдарының 65 учаскесінде су толып кетті, 65 жерде жол төсемі шайылды. Мұндай деректерді сағат 00.00-дегі жағдай бойынша Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының міндетін атқарушы Руслан Қасыбаев айтты.