Өзендер мен су қоймаларындағы су тасқыны жағдайына мониторинг, сондай-ақ кейбір өңір өзендерінде мұз жару жұмыстары жүргізілуде. Осы сағатта азаматтық қорғау қызметтерімен 99 мыңнан астам адам, оның ішінде 36 365 бала құтқарылды және эвакуацияланды. Қазіргі уақытта уақытша орналастыру пунктерінде 6 516 адам, оның ішінде 3 167 бала орналастырылған. «Жедел желі» телефонына 1 348 қоңырау түсті, психологтар зардап шеккен адамдарға писхологиялық көмек көрсетуде, Бұл туралы ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің аға офицері Ерасыл Сайпаш хабарлады.