Су тасқыны басталғалы бері 99 920 адам, оның ішінде 36 593 бала қауіпсіз жерлерге жеткізілді. 9 343 адам үйлеріне оралды. Уақытша орналасу пунктеріне 6 566 адам, оның ішінде 3 194 бала орналасты. 9 млн текше метр еріген қар суы тартылды, 1,6 млн қапшық және 1,2 млн тонна инертті материал төселді. Бүгінгі таңда авариялық-құтқару жұмыстарына 38 595 адам, 3 879 техника, 17 әуе кемесі жұмылдырылды. Бұл туралы ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің аға офицері Ерасыл Сайпаш ОКҚ брифингінде хабарлады.