Қостанай облысының 2 қаласы мен 4 ауданында төтенше жағдай жарияланған. Аталған өңірдің барлығында зардап шеккендерге залалды өтеу бойынша комиссиялар құрылып, жұмыс жасап жатыр. Төлем туралы шешімдерді комиссиялар жылжымайтын, жылжымалы мүлік пен малды бағалау және техникалық тексеруден кейін қабылдайтынын атап өткен жөн. Қостанай облысы әкімінің орынбасары Ерлан Спанов ОКҚ алаңында осылай деді.