Су тасқынынан зардап шеккен өңірлерде 66 медициналық пункт жұмыс жасауда, медициналық персонал мен психологтардың кезекшілігі ұйымдастырылды. Су басқан өңірлерде бүгінде дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдардың қоры жеткілікті. Төтенше жағдай режимі жұмыс істейтін барлық өңірде 309 жүкті әйел бақылауда тұр, 253 босану қабылданды. Ең көп бала Қостанай, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарында дүниеге келген. Бұл туралы ҚР ДСМ ресми өкілі Әйгерім Оразалиева ОКҚ алаңында өткен брифингте хабарлады.
Эвакуациялық пунктерде 71 бала стационарлық көмек, 87 бала амбулаториялық ем алады.
Тегтер:
денсаулық сақтау