Жайық өзеніндегі су деңгейі көтеріліп жатыр. Қазіргі оның деңгейі 8 м 62 см. Ал, оның қауіпті деңгейі 8 м 50 см. Сол себепті облыста су тасқыны қаупі әлі сейілген жоқ. Судың деңгейі әлі де көтеріліп, 25 сәуірде 9,5 м-ге дейін жетеді деген болжам бар. БҚО ТЖД ресми өкілі Нұржан Төлеуіш ОКҚ брифингінде осылай деп мәлімдеді.