Қостанай облысы – ТЖ жарияланған сәттен бастап, мал шығыны үшін ауыл шаруашылығы жануарларының иелеріне құнын өтеуді жүзеге асырған республикадағы алғашқы облыстардың бірі. Мұнда су тасқыны салдарынан мал өлімі 981 басты құрады. Бұл ретте 780 бас малдың бағалау есептері дайындалып, оларға 113 млн теңгеден астам қаражат төленді. Оның ішінде Амангелді ауданында – 246 бас малға 46,4 млн теңге, Жангелдин ауданында – 35 бас малға 10 млн теңге, Арқалық қаласында – 499 бас малға 56,9 млн теңге төленді. Бұл жайлы Қостанай облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы басшысының м.а. Бауыржан Бекет ОКҚ алаңында хабарлады.