1 маусымда елімізде шомылу маусымы басталады. Судағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Төтенше жағдайлар министрлігі орталық мемлекеттік органдармен және әкімдіктермен бірлесіп, кешенді дайындық және алдын алу жұмыстарын іске асыруда. Бұл туралы ОКҚ алаңында ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті төрағасының орынбасары Алексей Советов мәлімдеді.