Қазақстандық құтқарушылар 20 мыңнан астам балаға жүзу дағдыларын үйретті. Бұл жұмыс жалғасын тауып, жаз мезгілінде жандандырылады. Ол үшін әкімдік өкілдері балаларға қауіпсіз жағажайлар дайындап жатыр. ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті төрағасының орынбасары Алексей Советов атап өткендей, профилактикалық іс-шараларды өткізу барысында 200 мыңнан астам көрнекі оқыту материалы таратылды, су айдындарында 128 қауіпсіздік белгісі орнатылды.