Осы жылдан бастап сауданы дамыту үшін сауда саласында мемлекеттік қолдау құралы қолданылмақ. Бизнестің жол картасы шеңберінде 8 маусымда салалық ережелерге тиісті өзгерістер енгізіліп, бірлескен бұйрық қабылданды. Құжатта сауда объектілерін салу, реконструкциялау және айналым қаражатын толықтыру үшін пайыздық мөлшерлемені субсидиялау көзделген. Бұл ретте отандық АӨК өнімдерін өндірушілердің сауда сөрелеріне кіруі бойынша қарсы міндеттемелер белгіленеді. Бұл жайлы ҚР Сауда және интеграция министрлігі Сауда комитетінің төрағасы Айдар Әбілдабеков ОКҚ алаңында хабарлады.