Ресми статистика деректері бойынша жыл басынан бастап 11 маусымға дейінгі жағдай бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына баға индексі 99,9% құрады құрады. Тарихи деректер бойынша мұндай көрсеткіш соңғы 10 жылда болмаған. Бұл жайлы ҚР Сауда және интеграция министрлігі Сауда комитетінің төрағасы Айдар Әбілдабеков ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында айтты.