Британдық Хериот-Уотт университетінің 200 жылдық тарихы бар. 2 ғасыр бұрын тұңғыш өнеркәсіптік революция басталған. Сондықтан бұл ЖОО осы революцияға кадр даярлай бастады. Енді шетелдік білім беру ордасы өз алдына төртінші өндірістік революцияға кадр дайындау мақсатын қойып отыр. Университет өз бағдарламаларын бүкіл әлемге ашуға тырысып жатыр. 28 мыңға жуық студенттің үштен екі бөлігі негізгі кампуста емес, шетелдік кампустарда білім алып жатыр. Қазіргі таңда Хериот-Уотт университеті Малайзия мен Дубайда кампустарын ашып, стратегиялық бағдарламалар әзірледі. Енді шетелдік ЖОО Қазақстандағы Ақтөбе қаласында осындай бастаманы қолға алып отыр. Бұл туралы Хериот-Уотт университетінің провосты және вице-канцлерінің орынбасары Марк Бигс ОКҚ алаңында хабарлады.
Хериот-Уотт университетінің Қазақстандағы филиалы жыл сайын 300 студентті оқуға қабылдауға дайын
Тегтер:
білім беру