Жазғы олимпиада ойындарына дайындық барысы штаттық режимде жүріп жатыр. Қазіргі уақытта Олимпиадаға арналған Қазақстан ұлттық құрамасының формасын тігуге берілген тапсырыс толығымен дайын, олимпиадалық киімді таныстыру шілденің басында өтеді. Олимпиадалық киімді тігу демеушілердің қаражаты есебінен толық жүзеге асырылды. Бүгінгі таңда делегацияның барлық мүшелері салтанатты және спорттық формамен қамтамасыз етілген. Бұл жайлы ҚР туризм және спорт вице-министрі Серік Жарасбаев ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында мәлімдеді.