Еліміздегі қылмыстық-атқару жүйесі көпфункционалды және көп қырлы, өйткені ол тек жазаны орындап қана қоймай, сотталған адамның құқықтық мінез-құлқын қалыптастырады. Ішкі істер органдары құрылымның ажырамас бөлігі ретінде қылмыстық жауаптылықты іске асырудың негізгі құралы болып табылады. Олар әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру, сотталғандарды түзеу, сондай-ақ жаңа қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауға жол бермеуге міндетті. ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы Теңізжан Жәнібеков ОКҚ брифингінде жүйедегі реформалар жайында баяндады.