Қылмыстық-атқару жүйесі күнделікті қызметте цифрлық жобаларды енгізу бойынша ауқымды жұмыс жүргізуде. Осындай шешімдердің бірі – «электронды бақылау құралдарын енгізу». Қылмыстық-атқару кодексінің 69 және 174-баптарына сәйкес пробация қызметі бас бостандығы шектелген және шартты түрде сотталған адамдарға, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың жыныстық тиіспеушілігіне қарсы қылмыс жасағандарға электрондық білезіктерді қолдануға құқылы.