Туризм және спорт вице-министрі Мирас Төлебаев ОКҚ алаңында ойын бизнесі мен лотерея қызметін реттейтін заңның негізгі новеллалары туралы айтып берді. Құмар ойындар мен бәс тігудің жарнамасына шектеу қойылды, SMS-хабарламалар арқылы да шектеу көзделген. Букмекерлерді жарнамалауға, оның ішінде көлік құралдарына жарнама жабыстыруға тыйым салынады. Тек букмекерлік кеңселер, спорт ғимараттары мен спортшылардың жабдықтарына ғана жарнама орналастыруға болады. Осыған ұқсас норма интернет-ресурстарды қоса алғанда, бұқаралық ақпарат құралдарына қатысты көзделген. Сонымен қатар бұдан былай букмекерлік кеңселердің жарнамасы бар SMS-хабарламалар жіберілмейді.