Энергетика министрлігі энергия ресурстарын толық есепке алу, яғни оны өндіру, тарату мен бөлуден бастап тұтынушыға дейін жеткізу міндетін іске асыруды қолға алды. Бұл шығынның қай жерде екенін көру үшін, энергия, жылу мен мұнай балансын автоматтандыруды қамтамасыз ету үшін қажет. Бұл туралы ОКҚ алаңында энергетика вице-министрі Ілияс Бақытжан мәлімдеді.