Жауапты органдардың мәжбүрлеп орындату қызметіне ақпараттық технологияларды белсенді енгізу – бұл уақыт талабы және қайтымсыз үрдіс. Әділет министрлігі атқарушылық іс жүргізу процесін автоматтандыру бойынша жұмыс атқарып жатыр, соның арқасында бүгінде сот орындаушыларын әрекеттерінің 80% - дан астамы жүйеде көрінеді. ҚР Әділет вице-министрі Даниэль Ваисов ОКҚ алаңында сөйлеген сөзінде мемлекеттік органдар, сондай-ақ қаржы ұйымдарының (банктердің) ақпараттық жүйелерімен интеграция жүргізу үшін қажетті мәліметтерді алу, сондай-ақ мәжбүрлеп орындау шараларын қабылдау уақытын едәуір қысқартуға мүмкіндік бергенін атап өтті.