ЦДИАӨМ Ақпараттық қауіпсіздік комитеті қызметінің маңызды аспектісі - ақпараттық қауіпсіздік саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру. Статистика көңіл көншітпейді. 2022 жылы 77 әкімшілік іс, 2023 жылы – 218, ағымдағы жылдың 7 айында 40 іс қозғалды. Киберқауіпсіздік бөлімшесінде тағы 130-дан астам әкімшілік іс бар.