Ішкі сауда субъектілерін жаңарту бойынша мемлекеттік қолдау шараларына қатысты түсіндіру жұмыстары «Атамекен» ҰКП, өңірлік кәсіпкерлер палаталары, «Даму» АҚ арқылы жүзеге асады. Осы бағдарламаға қатысамын деген жеке кәсіпкерлер Сауда комитетінің барлық өңірдегі Сауда және тұтынушылардың құқығын қорғау департаменттеріне жүгіне алады. Бұл жайлы ҚР СИМ  Сауда комитетінің төрағасы Айдар Әбілдабеков ОКҚ брифингінде айтты.