2024 жылғы 10-13 қазан аралығында Гонконгта Азия чемпионаты, Әлем Кубогы және халықаралық турнир өтті. Жарысқа 14 елден 60-тан астам команда қатысты. 20 медаль жиынтығы сарапқа салынды. Жарыста түрлі жас санатындағы 15 қазақстандық команда өнер көрсетті. Сайыс қорытындылары туралы ОКҚ алаңында қазақстандық эстетикалық топтық гимнастика федерациясының президенті Мәдина Бектұрғанова айтып берді.