Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сәйкес еңбек нарығындағы экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың саны 353 000 адам болса, соның ішінде жұмыссыздар саны – 16904 адам. Жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 3,9%-ды құрап отыр. Бұл туралы Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев ОКҚ алаңында хабарлады.