«Оқушыларды геологияға тарту мақсатында «Жас геолог» корпоративтік қоры жұмыс жасайды. Жыл сайынғы «Жас геолог» далалық олимпиадасы ҚР Геология саласының болашақ мамандарының нағыз ұстаздарын дайындау болып табылады. «Жас геолог» корпоративтік қоры ҚР барлық өңірлерімен белсенді ынтымақтасады және республикалық слеттер мен халықаралық жарыстарға қатысу үшін жас геологтар қозғалысын дамыту бойынша жұмыс істейді. Биылғы жылдың жетістіктерінің бірі – біздің балаларымыз жыл басында Мәскеуде өткен халықаралық геологтар олимпиадасында жүлделі орындар алып келді», – деді спикер.  

Сонымен қатар 2024 жылдың желтоқсанында ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Геология комитетінің қолдауымен Қазақстандық мұнайшы-геологтар қоғамы дайындаған Қазақстанның мұнай және газ кен орындарын алғаш ашқан адамдарға арналған кітап жарық көрді, бұл жұмыс қазақстандық мұнайдың 125 жылдығына орайластырып, елдің энергетикалық әлеуетін нығайтып, жер қойнауын зерттеген мамандарға арналады.