Алматы облысында демографиялық және көші-қон өсімімен бірге білім беру қызметтеріне сұраныс артып келеді. Мысалы, 2023-2024 оқу жылында 14,2 мың бала бітірсе, бірінші сыныптарға 37 мың оқушы қабылданды, сонымен қатар, басқа сыныптарға келген баларды есепке алғанда, олардың жалпы саны 14 мыңға артып отыр. Сондықтан үш ауысымды оқыту мәселесі өзекті мәселенің бірі. Бүгінде осындай 37 мектеп бар. Бұл мәселені шешу үшін «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында биыл 24,9 мың орындық 26 мектептің құрылысы басталды. Бұл туралы Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев ОКҚ алаңындағы брифингте хабарлады.